КӨПЖАСАРҰЛЫ Ерқанат назначен руководителем Алматинского филиала республиканской телерадиокорпорации «Қазақстан» (телеканал Qazaqstan)

53

Известный тележурналист Ерқанат Көпжасарұлы возглавил Алматинский филиал республиканской телерадиокорпорации «Қазахстан» (телеканал Qazaqstan).

Еңбек өтілі – 15 жыл.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның Қазақ радиосындағы «Әлеумет» редакциясында редактор болып бастады.

2012–2017 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының Қазақ радиосы Алматылық студиясында редактор қызметін атқарды.

2017 жылы «Республикалық радио» ЖШС-нің Қазақ радиосы Алматы студиясында редактор, сондай-ақ «Неге?» қоғамдық-саяси ток-шоуының редактор-жүргізушісі болды

2017–2022 жылдары «31 канал телерадиокомпаниясы» ЖШС-нің «Информбюро» ақпараттық бағдарламалар бөлімінің қазақ редакциясында жетекші тілші қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекцияның продюсер-жүргізушісі, кейіннен «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі қызметін атқарып келеді.

Сонымен қатар 2022 жылдан бері «Krea TV Media» ЖШС-де журналист болып еңбек етеді.

2025–2026 жылдары Ұлттық құрылтайдың мүшесі болды. 2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және Мемлекеттік тілді дамыту комиссиясының мүшесі.

«Ақпарат саласының үздігі» атағының иегері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпазы. Сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Фото: АҚ «Qazaqstan»