Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бұйрығымен 2026 жылғы 24 тамыздан бастап Сапар Сатаевич Шайкенов Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сапар Сатаевичтің екі жоғары білімі бар. 1999 жылы «Ұлағат» университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2005 жылы академик Жолдасбеков атындағы институтты «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Мемлекеттік кірістер органдары жүйесінде 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, маманнан басшылық лауазымдарға дейінгі еңбек жолынан өтті.
Әр жылдары Ескелді ауданы бойынша салық басқармасын, Қаратал ауданы және Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларын басқарған. Сондай-ақ Алматы облысы бойынша дәрменсіз борышкерлермен жұмыс департаментінің басшысы қызметін атқарған.
2022 жылғы ақпаннан тамызға дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2022 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
Сапар Сатаевичтің басқару саласында мол тәжірибесі, салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының жұмысын ұйымдастыру бағыттарында терең кәсіби білімі бар.
Фото: МФ РК





